.RU

Есэдо го (версия 18. 3) Копия электронного документа

бет1/18Дата16.04.2017өлшемі3.78 Mb. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 18




05.03.2016 ЕСЭДО ГО (версия 7.18.3) Копия электронного документа.

04.03.2016 ЕСЭДО ГО (версия 7.18.3)



№ исх: 16-01-194 от: 05.03.2016

№ исх: 16-01/Д-4(2014г)//16583//750ег-(2013)//969(02-57) от: 19.02.2016

Қосымша


Қазақстан Республикасының

«жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
1 тармақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу».

Орындалуда.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы,Заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес, 2015 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 388 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді.Қазірге күні, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің таралуына сәйкес, заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламент Сенатына қарастырылуға 2016 жылғы 5 ақпанда енгізілген. Заң жобасын Сенат отырысында қарастыру (2 оқылымда) а.ж. 17 наурызына жоспарланған.



2 тармағы бойынша «Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес келтіру»

Орындалды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі тұжырымдама ережелерін стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларға біріктіру бойынша жұмыстар атқарылды.

Қазіргі уақытта, тұжырымдама ережелері стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларда ескерілді.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – АШМ) 2014 -2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларда тұжырымдаманың келесі нысаналы индикаторларына енгізілген:

- ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі (нысаны: 2020 жылға дейн 4 есе ұлғаюту);

- Бидайдың шығымдылығы (нысаны: 2020 жылға дейін 1 гектардан 1,4 тонна);

- ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін (нысаны: 2020 жылға дейін 1,5 есе көтеру);

- суармалы жерлерді суару жүйесін жаңғырту және қайта құру, дамыту жолымен суармалы сумен қамтамасыз ету.

АШМ-нің Стратегиялық жоспарының негізгі мақсаты Тұжырымдамаға сәйкес, мал шаруашылығын дамыту үшін жағдай жасау және өндіру, қайта өңдеу, мал шаруашылығы өнімдерін жүзеге асыру, сақтау, балық, орман ресурстары, жануарлар дүниесі ресурстары, ерекше қорғалатын табиғи қорлар объектілері өніміндерін молайту, сондай – ақ су ресурстарын тиімді басқару болып табылады.

Қазақстан Республикасы Энегетика министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ЭМ) 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына Тұжырымдаманың келесі нысаналы индикаторлары енгізілді:



- ҚТҚ жалпы көлемінен қалдықтарды қайта өңдеу үлесі (нысана: 2050 жылға дейін 50%);

- стационарлық көздерден атмосфераға шығатын ластаушы заттардың шығарындылары (2030 жылға дейін шығарындылардың еуропалық деңгейі);

- жаңартылатын энергия көздері өндіретін электр энергиясы көлемі(нысана: Күн және жел: 2020 жылға қарай 3% кем емес ).

Жалпы ҚР ЭМ 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Тұжырымдамаға сәйкестендірілген, ол қоршаған ортаға эмиссияны азайтуға, жаңартылатын энергия көздері және «жасыл экономикаға» көшуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министірлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына тұжырымдаманың келесі нысаналы индикаторлары енгізілді:

- 2008 жылғы деңгейден ЖІӨ-нің энергия қажетсінуді 2020 жылға қарай 25 % -ға төмендету.

Сонымен қатар, тұжырымдаманың көрсеткіштерін Қазақстан Республикасы обылыс әкімдік аумақтарының даму Бағдарламасына енгізуге қатысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігінің 2015 жылғы 9 желтоқсанда тұжырымдаманың көрсеткіштері бар № 761 «Жергілікті атқарушы органдар үшін базалық көрсеткіштер тізбесі» бұйрығымен бекітілгенін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 181-бабына сәйкес, облыс әкімдіктерінің аумақты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен базалық көрсеткіштер тізбесінде белгіленеді.

5 тармағы бойынша «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңесті құру бойынша ұсыныстар енгізу»

Орындалуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылды.

Советтің шешімі бойынша алдарына қойған мақсатты іске асыру үшін Советтің 9 жұмыс тобы құрылды, 2014-2015 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.

2015 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің төрағалығымен Кеңестің отырысы «Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің мониторинг жүйесін жетілдіру» тақырбында өтті.

Сонымен қатар 2015 жылы 4 қыркүйекте Кеңестің отырысы 2015 жылы желтоқсан айында Париж қаласында БҰҰ КӨНК 21-ші Тараптар Конференциясы және 11-ші КХ Тараптар Отырысында қол қойылуы жоспарланған «Қазақстан Республикасының ұлттық деңгейде айқындалатын, болжалды үлестері (Intended nationally determined contributions - INDC) жаңа климаттық келісімге» қатысты өтті.

«Ауаның ластануын азайту» жұмыс тобы бойынша келесі жұмыс атқарылды:

INDC- тің ұлттық деңгейде анықталған ҚР үшін болжанған үлесі туралы 2015 жылы жұмыс тобының жұмыс жоспарына сәйкес, Советтің отырысында талқыланатындығы жоспарланды.

(Intended nationally determined contributions – INDC) ұлттық деңгейде анықталған ҚР үшін болжанған үлесі туралы тақырыпта 2015 жылы 3 қыркүйекте отырыс өткізілді.

Кеңес отырысының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі Хаттамасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б. Ә. Сағынтаевтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП қатысуымен отырысы өтіп, INDC қорытынды құжаты ұсынылды. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі елдің парниктік газдардың шығарындыларын тежеуге және/немесе азайтуға арналған сандық үлесін қолдап, Министрліктің хатымен БҰҰ КӨНК Хатшылығына жолданды.



«Халықты ағарту және оның экологиялық мәдениетін қалыптастыру» жұмыс тобы бойынша

Жұмыс тобының 2015 жылға арналған Жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар қарастырылған:

youtube.com GREEN BRIDGE-G-GLOBAL арнасықұрылды;

ЖКСБ – ға арналған жобалар Биржасының веб-парақшасы әзірленуде;

Жасыл жобалар түрлерінің классификаторы дайындалды;

ҚР Энергетика министрлігі мен «Жасыл» экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» арасында меморандум қабылданды;

«ЖКСБ» Халықаралық ассоциациясы» тіркелді;

«Жасыл» экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы», Халықаралық G-Global Хатшылығы, ЗТБ «Жаңатау», «Қазальянс» шетелдегі қазақстандықтардың бірлестігі сияқты ҚР қоғамдық бірлестіктерімен «ЖКСБ» туралы Хартияға қол қойылды.

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» жұмыс тобы бойынша.

Жұмыс тобының 2015 жылға арналған Жоспарына сәйкес «Төменкөміртекті дамыту үшін орнықты қалалар» БҰҰДБ бірлескен жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Қалалық инфрақұрылым объектілерінің жылыжай көгілдір отын эмиссиясын олардың энергия тиімділігін арттыру есебінен төмендетуге және Қазақстанда қажетті жағдайларды жасауға жұмылдыруға, түрлі, оның ішінде банктер мен басқа да жеке секторлар және т.б.көздерден оларды қаржыландыру үшін инвестицияларды тарту сынақтарын қоса алғанда энергия тиімділігі саласындағы жобаларды сәйкестендіру, дайындау және сынақтан өткізу үшін бағытталған «Төменкөміртекті дамыту үшін орнықты қалалар»атты жобасыағымдағы жылғы наурызда іске қосылды.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2015-2019 жж.

Жобаның бюджеті:

МЭҚ қаражаты – $ 5,93 млн.

БҰҰДБ – $1,06 млн.

Жоба өзара тығыз байланысты бес компонентті қамтиды:

1-компонент: төменкөміртекті дамытуға мүмкіндік беретін қалалық инфрақұрылымдағы мақсаттылық және басымдылық шараларын қалалық (өңірлік) кешендік жоспарлау.

2-компонент: өңірлерде ұсынылған тұжырымдамалар шеңберінде қалалық инфрақұрылымға инвестицияларды тартуға ықпал етуді қамтиды.

3-компонент: Қалалық төменкөміртекті жобаларды қаржыландыру.

4-комонент: Пилоттық қалалық төменкөміртекті жобаларды іске асыру.

5-компонент: Мониторингілеу, тексеружәне білімді және практиканы кеңейту:

Бірінші компонент бойынша «Төменкөміртектідамытуға мүмкіндік беретін қалалық инфрақұрылымдағы мақсаттылық және басымдылық шараларынқалалық (өңірлік) кешендік жоспарлау» :

Осы компоненттің шеңберінде деректерді өңдеу мен талдауды жинақатуда 15 қалаға (өңірге) техникалық және методологиялық қолдау көрсетілетін болады. Климаттың өзгеруіне ықпал етуді төмендететін қалалық сектордағы басым шараларды айқындайтын болады.



Екінші және үшінші компоненттер бойынша – «Қалалық инфрақұрылымдық жобалар үшін ұйымдастырылған шекті құру» және «Қалалық инфрақұрылымдық жобалардың қаржыландыру жүйелерін әзірлеу» (735 мыңАҚШ доллары).

2-компонент өңірлерде ұсынылған тұжырымдамалар шеңберінде қалалық инфрақұрылымға инвестицияларды тартуға ықпал етуді қамтиды.

2-компоненттің күтілетін нәтижелеріқалалық төменкөміртекті жобалар үшін мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті немесе басқа тиісті институционалдық құрылымды (мемлекеттік және жеке меншік концессиялар) құру болып табылады.

3-компоненттің күтілетін нәтижелері қалалық жобалар үшін банктік сектордан, Үкімет және донорлық ұйымдардан жаңа қосымша қаржыландыру көздерін тарту болып табылады.



Төртінші компонент бойынша: Пилоттық қалалық төменкөміртекті жобаларды іске асыру.

4-компоненттің күтілетін нәтижелері: «Пилоттық жобаның келешекте таралымын көбейту үшін қалалық парниктік газдарды шығарылуды төмендетудің экономикалық мақсаттылығын көрсету.



По пятому компоненту «Мониторинг, проверка и распространение знаний и практик»:

В результате выполнения пятого компонента будет создана система мониторинга, отчетности и проверки (МОП) для проведения систематического мониторинга, проверки и отчетности снижения выбросов ПГ при выполнении городских низкоуглеродных проектов, а также повышена осведомленность целевых групп.



Бесінші компонент бойынша: Мониторингілеу, тексеружәне білімді және практиканы кеңейту:

Бесінші компонентті орындау нәтижесінде қалалық төменкөміртекті жобаларды орындау,сондай-ақ мақсатты топтардың хабардар болуын арттыру кезіндежүйелі мониторинг, парниктік газдарды (МЕТ) тексеру және есептілікжүргізу үшін мониторинг, есептілік және тексеру жүйесі құрылатын болады.

«Экожүйелерді басқару» жұмыс тобы бойынша

Жұмыс тобының 2015 жылға арналған Жоспарына сәйкес Алматы және Қызылорда облыстарында экожүйелер қызметтін сәйкестендіру бойынша семинарлар өткізуге қатысты іс-шаралар қарастырылған.

«Жасыл Академия» ғылыми білім беру орталығы және ҚР АШМ – ң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп 2015 жылы 9 қазанда Астана қаласында БҰҰДБ жобасы аясында «Екі жобалық аумақтарда экожүйелер қызметтін сәйкестендіру: зерттеу нәтижелері» тақырыбында семинар өткізді.

Экожүйелер қызметтін сәйкестендіру әдістемесін әзірлеу бойынша ұсынымдар қабылдау және Арал-Сырдария және Іле-Балқаш екі пилоттық аумақтарда экожүйелер қызметтін сәйкестендіруді белгілеу бойынша аралық нәтижелерді талқылау мақсатында семинар ұйымдастырылып, өткізілді.

Семинар жұмысына ҚР АШМ – ң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің География институтының, ҚР энергетика министрлігінің «Казгидромет» РМК-ң, МЖӘ Қазақстандық орталығының, БҰҰДБ-ң, GIZ Аймақтық Бағдарламасының, Экономика жоғарғы мектебінің (Мәскеу қ) өкілдері және т.б. қатысты.

Семинардың ашылуында ҚР АШМ – ң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының орынбасары Қ. Үстеміров және BIOFIN, CB2, UNDP қаржы құрылдары бойынша ұлттық срапшысы М. Сәрсембаева құттықтау сөздерін сөйледі.

Семинардың кіріспе бөлігінде «Ормандардың экожүйелік маңызы: көміртекті сақтау» тақырыбында Экономика жоғарғы мектебінің (РФ) қоршаған орта және табиғи ресурстар экономика орталығының директоры э.ғ.к Г. Сафонов тұсаукесерін жасады.

Семинардың негізгі бөлігінде өткізілген зерртеулердің қорытындысы бойынша қатысушыларға екі тұсаукесер ұсынылды:

- Екі жобалық аумақтардағы экожүйелер қызметтін сәйкестендірудің нәтижелері. Сәйкестендіру әдістемесі. – Б.Есекина, жоба жетекшісі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д.,профессор;

- Көрсету алаңдарында ЭСП схемаларын енгізу тетіктері – Б. Елеусізова, «Жасыл Академия» ҒБО консультанты, э.ғ. к.

«Су ресурстарын басқару» бойынша жұмыс тобы

2015 жылға арналған жұмыс Жұмыс тобының жоспарына сәйкес, ҚР АШМ СРК территориялық бөлімшелерінің басшылары және су пайдалану ұйымдары үшін тиімді су пайдалану бойынша семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу көзделген.

2015 жылы 7-8 желтоқсанда «Жасыл академия» Ғылыми-білім беру орталығы ЕО БҰҰ ДБ/ ЕЭК БҰҰ «Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу моделіне қолдау көрсетуі» жобасы шеңберінде «Қазақстан Республикасында су ресурстары трансшекаралық басқармасын жетілдіру» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шара ҚР су ресурстары трансшекаралық басқару негізіндегі заңнамаларды талқылау және халықаралық тәжерибе тиімділігі есебінен осы саладағы саясатты жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті территориялық бассейндік инспекциясының су және биологиялық ресурстар пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі департаменті трансшекаралық өзендер басқармасының басшылары және сыртқы істер министрлігі, ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігінің басшылары және басшыларымен және ҚР Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелері қызметкелері, БҰҰ ДБ, ЕЭК БҰҰ ДБ қызметкерлері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ҒӨҰ өкілдері қатысты.

Арнайы пікірталас алаңында су ынтымақтастығын дамытуының бойынша одан әрі қадамы, бірлескен органдар басқармасының қызметтері, ҚР су ресурстары трансшекаралық басқару саласында саясатты, су заңын жетілдіру бойынша сауалдар талқыланды.

Пікірталас және талқылау нәтижелері Қазақстанда су ресурстары трансшекаралық басқару саласында саясатты жетілдіру және жағдай бойынша үлгі дайындау кезінде қолданылатын болады.

«Ауыл шаруашылығын дамыту» бойынша жұмыс тобы

2015 жылға арналған жұмыс Жұмыс тобының жоспарына сәйкес, сүт және ет мал шаруашылығын дамыту саласы үшін инвестициялар дамыту сауалдары бойынша отырыс өткізу көзделген.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» 60 – 61 қадамдары шеңберінде сүт және ет мал шаруашылығын дамыту саласы үшін инвестициялар дамыту сауалдары бойынша бір қатар іс-шаралар өткізілді.

Сонымен, Министрлік сүт өнімдерін дамыту мақсатында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» мен «АӨК Экономикалық саясат аналитикалық орталығы» ЖШС-мен бірлесіп Қазақстан Респуликасының оңтүстік өңірлерінде ауыл шаруашылығы кооперативтік негізінде сүт өнімдері кластерін құру бағдарламасын әзірленді.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 19 қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрінің қатысуымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі», «LELY RUS» компания өкілдерінің кездесуі өтті. «LELY RUS» компания өкілдері Жамбыл облысы Мерке ауданындағы «Алатау» Фермасы сүт өнімдері - тауарлы отбасылық фермасы ауыл шаруашылығы кооперативі негізінде сүт өнімдері территориялды кластер құру бойынша инвестициялық жобаға презентация жасады.

Сонымен қоса 2015 жылдың 29 қыркүйегінде «КазАгро»ҰБХ» АҚ жобалаумен, құрылыспен және сүт тауарлары фермалары үшін жабдықтарды жеткізумен айналысатын «RotaGuido» итальяндық компания өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған компаниямен сүт тауарлар фермаларын жобалау бойынша қызмет көрсету және сүт мал шаруашылығымен айналысатын қазақстандық фермерлерге консалтингтік қолдау бойынша келісімге келді.

Жоғарыда көрсетілген келісімге сәйкес 2015 жылдың 20-23 қазанында «RotaGuido» итальяндық компанияның өкілдерімен «КазАгро»ҰБХ» АҚ және «АӨК экономикалық саясатты талдау орталығы» ЖШС бірлесіп, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауыл шаруашылығы кооперативі негізінде, аумақтық сүт кластерлерін құру мақсатымен, Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне сапар іске асырылды.

Сонымен қоса, 2015 жылдың 24-26 қарашасында итальяндық компания өкілдері Қазақстанға сапары барысында Министрлік компания алаңында кездесу ұйымдастырылып, онда өкілдерімен республика өңірлеріне сапары бойынша қорытындылары талқыланды. Сондай-ақ, итальяндық компанияның өкілдерімен 100 сүт сиыры үшін отбасылық үлгідегі үлгі сүт фермасы ұсынылды және тараптар Қазақстан Республикасы мен «Rота GUIDO» итальяндық компаниясының сүт мал шаруашылығы саласын дамыту бойынша ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша сүт мал шаруашылығын дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Ет өнеркәсібі кластерлерін құру мақсатымен ет өнеркәсібі саласын дамыту шегінде Мнистрлікпен «CremoniniGroup» және «InalcaEurasia» компания өкілдерімен кездесу өткізілді.

«Cremonini Group» Еуропадағы ең басты азық-түлік топтардың бірі болып табылады және үш бизнес бағытта жұмыс істейді: өндіріс, үлестірім, қоғамдық тамақтандыру. Топ Италия бойынша сиыр және өңделген ет өнімдерін өндіру бойынша, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына азық-түлік өнімдерін сату және таратуды ұйымдастыру бойынша көшбасшы болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан территориясында сиыр етін өндіру мен оны қайта өңдеу, яғни ет кластерін ұйымдастыруға уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бүгінгі таңда, ет өнеркәсібінде аудит жүргізетін құрамы екі жақтың тарапынан срапшыларынан тұратын жұмыс тобы құрылды.

Аудитті қаржыландыру мәселесі Министрлік желісі арқылы және Ислам Даму Банкінен тартылатын грант есебінен пысықталды. Одан әрі жұмыс 2016 жылы өткізілетін болады.

Сонымен қатар, ет және ет өнімдерінің нарығында мамандандырылған «RifaInvestment» қытай компаниясымен кездесу өтті. Шығыс Қазақстан облысы аумағында 17,0 мың.тоннаға ет комбинатын бірлесіп іске асыру бойынша меморандум жасалды. Бұдан басқа, жемдеу алаңын салу жоспарлануда.

Сонымен бірге «RifaInvestment» коипаниясының өкілдері Қазақстан өңірлеріне жергілікті кәсіпорындарымен танысу және бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында іссапарларға шықты.

«Қалдықтарды басқару» Жұмыс тобы бойынша.

Жұмыс тобының 2015 жылға арналған Жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар қарастырылған:

2015 жылы 14-17 қыркүйекте Алматы қаласында «Қалдықтарды басқару – ҚР «Жасыл экономикаға» көшу Концепциясының басым бағыты. Жоспарлары мен шешу жолдары (EcoTech 2015 көрмесі шеңберінде)» тақырыбында семинар өтті.

ҚР/БҰҰДБ/ЖЭҚ бірлескен «Ұлттық орындалу Жоспарды Жаңарту, тұрақты органикалық ластағыштарды басқаруды ұлттық жоспарлау және Қазақстандағы медициналық қалдықтарды басқару үрдістеріне интеграциялау» жобасы шеңберінде тұрақты органикалық ластағыштар, сынап және медициналық қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша «Тұрақты органикалық ластағыштар, сынап және медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу» Өңірлік семинарлары өтті. (19.10.2015 ж Астана қ., 21.10.2015 ж. Өскемен қ.)

2015 жылы 11-13 қарашада Астана қаласында «ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын іске асырудағы Проблемалық мәслелері» семинары өтті.

«Электрэнергетика соның ішінде жаңартылатын энергия көздері» жұмыс тобы бойынша

2015 жылы Жұмыс тобының жоспарына сәйкес, экономикалық тартымды энергетикаға тиімді және отандық шетелдік таза технология дерекқор құру қаралған.

Аталған іс-шараны орындау мақсатында 2015 жылы 27 қарашада ҚР ЭМ вице-министр Б.М. Жақсалиевтың басшылығымен «Электрэнергетика соның ішінде жаңартылатын энергия көздері» Жұмыс тобының отырысы өтті.

Атталған отырыстың (27. 10. 15ж №12-02-420) хаттамаға сәйкес ЖЭКД және БҰҰДБ мен бірге экономикалық тартымды энергетикаға тиімді және отандық шетелдік таза технология дерекқор құру бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды. Жұмыс жүргізілуде.



6 тармақ «Энергия аудиттері нәтижелерін, ірі кәсіпорындар шығарындыларының деңгейі мен құрамын, су ресурстары жай-күйінің көрсеткіштерін, ауыл шаруашылығының өнімділігін, ҚТҚ және өнеркәсіп қалдықтары қоқыстарының жай-күйін және басқаларын қоса алғанда, «Жасыл экономиканың» барлық индикаторлары бойынша сондай-ақ әкімшілік деректерді жедел жинауды және оның ашықтығын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу».

Орындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы


8 қазандағы № 46 бұйрығымен бекітілген «жасыл экономиканың» барлық индикаторлары бойынша жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық ақпаратты, сондай-ақ әкімшілік деректерді жедел жинауды және оның ашықтығын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) 1-тармағына сәйкес «жасыл экономиканың» индикаторлары бойынша ақпаратты жедел жинауды және оның ашықтығын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Комитет төрағасының №34 бұйрығы бекітілген.

Іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында ағымдағы жылғы 19 наурызда Комитетте мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен «жасыл» экономика индикаторларының мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Жұмыс тобы отырысының шешімімен бекітілген көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша жауапты министрліктер мен комитеттер анықталды.

Іс-шаралар жоспарының 3-тармағы бойынша «жасыл экономиканың» индикаторлары бойынша көрсеткіштер тізбесіне кіретін көрсеткіштерді есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп, мүдделі мемлекеттік органдардан «жасыл экономика» көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік түсініктер алынды.

Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпы мемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша нысандар жыл сайын қайта қарастырылады. Осы жұмыстар шеңберінде және іс-шаралар жоспарының


4-тармағына сәйкес бірқатар статистикалық нысандарда «жасыл экономиканы» сипаттайтын келесі көрсеткіштер қарастырылған: «Жасыл» құрылыста орындалған жұмыстардың көлемі», «Экологиялық таза өнім (тауар, қызмет) өндірісінің заттай көріністегі көлемі», «Экологиялық таза өнімнің (тауар, қызмет) шығарылымы», «Экологиялық таза ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау», «Мал шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндіру», «Энергияның жаңартылатын көздеріне салынған инвестициялар», «Энергия сақтау технологияларына салынған инвестициялар және энергия тиімділігін арттыру», «Үй шаруашылығымен экологиялық таза өнімдерін пайдалану және тұтыну».

Іс-шаралар жоспарының 5-тармағы бойынша Статистика комитет мүдделі мемлекеттік органдармен «жасыл экономиканың» индикаторларын сипаттайтын деректерді қалыптастыру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізеді.

Іс-шаралар жоспарының 8-тармағы бойынша Статистика Комитетімен «жасыл экономиканың» индикаторлары бойынша ақпаратты 2015 жылдың желтоқсанында жарияланды. Іс-шаралар жоспарына сәйкес Комитет мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен жұмыс тобының отырысында Қазақстанда «жасыл экономика» индикаторларын енгізу кезінде ЭЫДҰ стандартын ұстану мақсатқа сай екендігі туралы шешім қабылдады, себебі бұл көрсеткіштер халықаралық тенденцияларға сәйкес қоршаған орта жағдайын сапалы бағалау үшін әзірленген және «жасыл» өсу көрсеткіштерінің бөлігі «жасыл экономика» көрсеткіштерімен салғастырымды.

Бұдан басқа, Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама шеңберінде «Жасыл өсу және орнықты даму индикаторларын енгізу» бағыты бойынша «жасыл экономика» көрсеткіштерінің ұлттық тізбесін әзірлеу жоспарланған. Мұнымен қоса Комитет Іс-шаралар жоспарына сәйкес «жасыл экономика» көрсеткіштерінің ұлттық тізбесін енгізу бойынша ЭЫДҰ стандартына сәйкес жұмыс жүргізуде (қосымша). Бұл көрсеткіштерді енгізу Іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Бүгінгі күні, ШЕКОА елдері үшін 36 экологиялық көрсеткішті енгізу бойынша жұмыс жүргізгенін қосымша хабарлайды.

Ақпарат және бақылаудан алу ретінде енгізіледі.



7 тармақ «Статистикалық жұмыстар жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруды бағалау және бақылау үшін қажетті статистикалық деректерді жинауды тұрақты негізде қамтамасыз ету».

Орындалуда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен«жасыл экономиканың» барлық индикаторлары бойынша жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық ақпаратты, сондай-ақ әкімшілік деректерді жедел жинауды және оның ашықтығын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) әзірленіп, 2014 жылғы 8 қазанда № 46 бұйрығымен бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, «жасыл экономика» көрсеткіштерінің ұлттық тізбесін енгізу бойынша ЭЫДҰ стандартына сәйкес жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні, 36 экологиялық көрсеткішті енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі (Экологиялық және ресурстық өнімділік, Табиғи активтер базасы, Экологиялық өмір сапасы, Экономикалық мүмкіндіктер және саяси әрекет шаралары, Әлеуметтік-экономикалық контекст және өсу сипаттамасы). Бұл көрсеткіштер ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеттің Интернет-ресурсындағы негізгі бетте орналасқан және үнемі жаңартылады.

ЭЫДҰ әсірлеген жасыл өсу көрсеткіштер жүйесі Германия, Дания, Корея, Нидерланды, Словакия, Словения және Чехия елдерінде сәтті пайдалануда.

Сонымен қатар, Қазақстан және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасын іске асыру шеңберінде, «Жасыл өсу және орнықты даму индикаторларын енгізу» бағыты бойынша «жасыл экономика» көрсеткіштерінің ұлттық тізбес көрсеткіштерін әзірлеу жоспарланған.



8 тармақ «Экономикалық даму деңгейін, экологиялық жағдайды, халықтың денсаулығын, таза сумен қамтамасыз етуді және басқаларын қамтитын өңірлер үшін халықтың өмір сүру деңгейінің кешенді «жасыл» көрсеткішін құру бойынша ұсыныстар енгізу».

Орындалуда.

Қазақстан Үкіметі және БҰҰДБ-мен қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасына ұзақ мерзімді тұрақты дамуына жетуге қолдау көрсетуге бағытталған «Қазақстаннның «жасыл экономика» моделіне көшуін қолдау» жобасы шеңберінде, 2016 жылы экономикалық даму деңгейін, экологиялық жағдайды, халықтың денсаулығын, таза сумен қамтамасыз етуді және т.б. деңгейлер енгізілген, Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі халықтың өмір сүру деңгейінің кешенді «жасыл экономика» көрсеткіштерінің моделін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Аталған модель барлық деңгейде шешім қабылдау процессі үшін сенімді негіз құруға және кешенді жүйеледің дамуы және экологиялық жүйелердің өзін - өзі реттеу тұрақтылығына көмекті жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бұл модель ұлттық кеңесшілерді тарту жолымен әзірленетін болады. Келесі жұмыстар жүргізу жоспарлануда:

1. «жасыл» көрсеткіштерді әзірлеуде халықаралық тәжірибелерді талдау;

2. «жасыл» көрсеткіштерді әзірлеуде контекстте әлеуметтік-экономикалық және ҚР өңірлік экологиялық жағдайларды талдау;

3. «жасыл» көрсеткіштерді әзірлеуде контекстте әлеуметтік-экономикалық және ҚР өңірлік экологиялық жағдайларды бойынша қол жетімді статистикалық үлгі ақпараттар;

4. ҚР ЭМ (экологиялық блогы) басқа мемлекеттік органдардың қатысуымен (АШМ, ҰЭМ СК, ҰЭМ, ИДМ, ДСӘДМ) әзірленген моделге презентация және мемлекеттік органдардың ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып моделдерге түзету.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттары мен ұсыныстары:



Астана қ.: Тұрғындардың өмір деңгейінің кешенді «жасыл» көрсеткішін анықтау үшін, келесі экологиялық көрсеткіштерді есепке алу қажеттігі туралы келесі ұсыныстар енгізеді: атмосфераның ластануы индексі; судың ластануы индексі; халықты орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтаудың пайыздық қамтылуы; қалпына келтірілетін энергияның есебінен шыққан электр энергияның арақатынасы; аймақтағы халықтың жан басына шаққанда жасыл желекті отырғызудың арақатынасы; барлық қалыптасатын қалдықтардың көлемінен өңделетін қатты тұрмыстық қалдықтардың пайызы.

Алматы қ.:Аталған тармақты орындау үшін бұдан бұрын Алматы қаласының әкімдігі халықтың өмір сүру деңгейінің кешенді «жасыл» көрсеткішіне енгізу үшін келесіні ұсыныды: өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің және тұтыну бағаларының индекстерін енгізу. Аталған индекстер экономикалық даму деңгейін бағалауда негізгі болып табылады; тыныс алу органдары ауруларымен алғашқы сырқаттану деңгейінің динамикасын (бронхит, бронх демікпесі); тері ауруларымен алғашқы сырқаттану деңгейінің динамикасын (аллергиялық және атипиялы дерматиттер); жасыл желектермен қамтамасыз етілу деңгейін; қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылық индексін енгізу.

Ақмола облысы: келесіні ұсынады:

- 2016-2020 ж.ж. орталықтандырылған су жабдықталуын қала тұрғындарын – 100%, ауыл тұрғындарын АЕМ жалпы санынан – 80 %-на қолжетімділігін қамтамассыз ету.

- 2016-2020 ж.ж. ішуге арналған судың өнеркәсіптік бақылауының бар болуын 100%-ға жеткізу.

Алматы облысы: аумақтағы халықтың ден саулық және халықтың таза сумен камтамасыз ету көрсеткітерін қосуды ұсынады.

Ақтобе облысы: Ақтөбе облысында жылдан жылға экологиялық жағдайдың жақсаруына және оң динамикасының байқалуына қарамастан, өнеркәсібі дамыған өңір ретінде бірқатар көрсеткіштер бойынша Қазақстанның аграрлық және өзге де өнеркәсіпті дамымаған өңірлеріне қарағанда артта қалуда. Кешендік «жасыл» көрсеткіш құру кезінде өңірдің экономикалық дамуын ескеруді ұсынамыз. Мысалы, келесі көрсеткіштерді қосу: ішкі өңірлік өнімнің млн теңге есебіндегі эмиссиялар саны (шығындылар, қалдықтар, жинақтаулар).

Атырау облысы:Облыс бойынша орталықтандырылған су жүйесімен 566 634 адам немесе 97,4% қамтылған. Орталықтандырылмаған су жүйесімен 13 172 адам немесе 2,2%, тасымалды сумен 1 662 адам немесе 0,2% қамтылып отыр. 2015 жылы халықтың 98,9% орлықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Денсаулық сақтау саласы бойынша «жасыл экономикаға» көшу ол денсаулық сақтау нысандарын типтік жүйедегі ғимараттарға ауыстыру қажеттігі. Облыс көлемінде көптеген денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттары бейімделген, санитарлық талаптарға сай келмейтін ғимараттар.

Сондықтан да ауылдық аймақтардағы көптеген дәрігерлік амбулаторияларға, дәрігерлік пункттерге, фельдшерлік акушерлік пункттерге жаңа типтік жүйеде ғимарат салу ұсынылады.

Шығыс Қазақстан облысы: келесіні ұсынады:

1) халықтық өмір сүру ұзақтығын көбейту;

2) жергілікті бюджетке түсім, экологиялық іс-шаралар бағытталған қоршаған ортаға эмиссияларға алынған құнының қатынасы.

Жамбыл облысы: келесіні ұсынады:

1) тұрғын халықтың 1000 адамына бала туушылық ;

2) ана өлімін төмендету (тірі туған 100 000 сәбиге);

3) нәрестелердің өлімін төмендету (тірі туған 100 000 сәбиге 5 жасқа дейін);

4) жалпы аймақтық өнімнің физикалық көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда %;

5) өңдеуші өнеркәсіптің өнім шығару физикалық көлемінің индексі %;

6) ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің физикалық көлемінің индексі%;

7) энерготұтынудың жалпы көлеміне энергияның баламалы көздерін пайдалану үлесі, %

8) жұмыссыздық деңгейі, %9) жаңа жұмыс орындарының саны;

10) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғын халықтың үлесінің ұлғайтылуы, %;

11) стационарлық көздерден атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары, тонн;

12) ҚТҚ жалпы көлеміндегі қатты тұрмыстық қалдықтардың қайта өңделген үлесі, %.



Қарағанды облысы: ұсыныстар жоқ.

Қостанай облысы: 2015 жылы облыс бойынша елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыздануы – 28 % (600 елді мекеннен орталықтандырылған сумен 170), сонымен қатар ауылдық жерде 27,4% (592 ауылда орталықтандырылған сумен 162) қалаларда – 100 % (5 қала және 3 үлгісіндегі ауыл). Сонымен 75 % тұрғандардан орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, ауылдарда осы көрсентіштер 52 % .

Қызылорда облысы: 2014 жылдың қорытындысымен облыс бойынша барлық 262 ауылдық елді мекеннің 185-сы орталықтандырылған ауыз суға қосылды немесе 71 пайызды құрады. (2012 жылы 178 елді мекен 69 пайыз болған).

2015 жылы 14 жобаның құрылыс жұмыстарына 6 016,4 млн. теңге және ауыз су тарату қызметтеріне берілетін субсидияға республикалық бюджеттен 316,6 млн.теңге, облыстық бюджеттен 1,9 млрд.теңге бөлінді.

Жалпы 2015 жылы «Өңірлік даму» бағдарламасымен 14 жобаның құрылысы аяқталды. Жыл қорытындысымен 572 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылып,
4485 дана су есептегіштер пайдалануға берілді.

Павлодар облысы: келесіні ұсынады:

- жоғарғы су қоймалары суы құрамында сынап, мұңай өнімдерінің болуы.

- түрлі көлік отынының жанған өнімдерінде зиянды заттардың болуы (формальдегид, бензапирен, азот диоксиді, көмірсутегі оксиді т.б.).

- балаларды дәруменді-минералды кешенмен байытылған өнімдермен қамту (%).

- дәруменді-минералды қосындылармен байытылған жоғары және бірінші сұрыпты ұнның меншікті салмағы (ұнды фортификациялау).

Солтүстік Қазақстан облысы: келесіні ұсынады

1. Кәсіпорындардың экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологиялармен қамтамасыз етілуі.

2. Жаңғырмалы энергетика дамуы деңгейі.

3. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қаражат көлемі.

4. Табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігі көрсеткіші.

Маңғыстау облысы:келесі көрсеткіштерді ұсынады:

Экономикалық даму деңгейін көрсететін көтсеткіштер:

- жалпы баламалы энергия көздері үлесінде энергия тұтыну көлемін арттыру;

- жалпы экспорт көлеміндегі шикі емес экспорттың көлемі;

- ішкі нарықты отандық азық-түлік тағамдарымен азық-түлік тауарларын қамтамасыз ету деңгейі;

- тоннаны өңдеуге бағытталған тұрмыстық қалдықтар көлемі.

Экологиялықжағдай деңгейін көрсететін көтсеткіштері:

- зиянды заттарды шығарындыларын көлемін төмендету, мың тонна;

- ормандар және орманды өсіру өсімін молайту (тұқым себу), га.

Халық денсаулығын көрсететін көрсеткіштері:

- күтілетін халықтың өмір сүру ұзақтығы, жыл;

- халықтың 1000 адамға, жалпы өлім санының төмендету;

- халықтың 1000 адамға, анкологиялық аурулардан өлімді төмендету;

- халықтың 1000 адамға, туберкулез ауруларнан өлімді төмендету.

Таза сумен қамтамасыз ету және т.б. көрсететін көрсеткіштер:

- халықты сапалы сумен қамтамасыз ету (СЭС талаптарына сәйкес);

- халықты орталықтандырылған су жабдықтаумен қол жетімді деңгейін көтеру;

- мың куб.м, толық биологиялық тазарту арқылы ағынды суларды тазарту.



Батыс Қазақстан облысы: ұсыныстар жоқ.

Оңтүстік Қазақстан облысы ұсыныстар жоқ.

9 тармағы бойынша «Экологиялық қолайлылық дәрежесі бойынша өңірлерді жіктеудің (әртараптандырудың) жаңа жүйесін әзірлеу»


Достарыңызбен бөлісу:

esli-bi-u-letchika-bil-hvost-vse-bi-videli-kak-on-ego-podzhimaet-stranica-4.html
esli-bi-u-menya-bila-vtoraya-zhizn-ya-vsyu-eyo-posvyatil-bi-izucheniyu-sharovoj-molnii-.html
esli-bi-ya-bil-prezidentom-rossijskoj-federacii.html
esli-bi-znal-kratkij-teoreticheskij-kurs-dlya-shkolnikov-izdatelstvo-mgu-2006-240-str.html
esli-cherez-tri-dnya-korolyu-ne-stanet-luchshe-mozhno-vsego-ozhidat-skazal-doktor-korol-tyazhelo-bolen-i-esli-cherez-tri-dnya-sostoyanie-ego-ne-uluchshitsya-mozhn-stranica-12.html
esli-dusha-rodilas-krilatoj-tvorchestvo-m-cvetaevoj.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/osnovnie-tendencii-i-problemi-v-oblasti-razrabotki-i-primeneniya-informacionnih-tehnologij.html
  • notebook.bystrickaya.ru/history-of-the-usa-chast-2.html
  • pisat.bystrickaya.ru/tema-uchebnij-videofilm-dlya-urokov-anglijskogo-yazika-v-8-klasse.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-v-seksualno-energeticheskie-osnovi-avtoritarnoj-semi-v-rajh.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/velikaya-lavra-vnutri-o-rasskaze.html
  • klass.bystrickaya.ru/5plan-proizvodstva-biznes-plan-organizaciya-serijnogo-vipuska-visokoeffektivnih-ochistnih-kompleksov-i-produkcii.html
  • letter.bystrickaya.ru/moj-dom-na-nebe.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/rd-3411106-95-s-izm-1-2001-instrukciya-po-proektirovaniyu-i-montazhu-sistem-otopleniya-zdanij-iz-metalloplastikovih.html
  • desk.bystrickaya.ru/plan-mto-gostinichnogo-predpriyatiya-3-raschet-potrebnosti-v-razlichnih-vidah-materialnih-resursov-4.html
  • spur.bystrickaya.ru/lot--stranica-14.html
  • desk.bystrickaya.ru/perspektivi-razvitiya-vozobnovlyaemoj-energetiki-v-murmanskoj-oblasti.html
  • student.bystrickaya.ru/08020062-menedzhment-proizvodstvennij-socialnij-mezhdunarodnij-ochnaya.html
  • teacher.bystrickaya.ru/fakultet-lingvistiki-i-innovacionnih-socialnih-tehnologij-utverzhdayu.html
  • letter.bystrickaya.ru/mircha-eliade-ocherki-sravnitelnogo-religiovedeniya-stranica-34.html
  • doklad.bystrickaya.ru/vnebyudzhetnie-fondi-v-rf-chast-9.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-vvedenie-v-psihoanaliz-po-specialnosti-030301-psihologiya.html
  • college.bystrickaya.ru/23-upravlenie-kachestvom-reinzhiniring-kreditnih-organizacij-upravlencheskaya-analiticheskaya-razrabotka.html
  • doklad.bystrickaya.ru/v-centralnij-bank-rossijskoj-federacii-stranica-3.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/pochti-dvadcat-let-nazad-ya-zaklyuchil-soglasheniya-rezultatom-kotorih-stala-eta-kniga-knachalu-vojni-okolo-polumilliona-slov-v-sootvetstvii-s-dogovorom-uzhe-legli-stranica-32.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/povishenie-effektivnosti-upravleniya-mashinostroitelnim-predpriyatiem-na-osnove-sozdaniya-informacionnoj-sistemi-monitoringa-proizvodstvennogo-processa-08.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/menedzhment-kak-sredstvo-povisheniya-lekciya-1-ponyatie-kachestvo-dlya-tqm.html
  • gramota.bystrickaya.ru/zasedanie-finansovih-razvedchikov-v-moskve-4.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/vladimirskaya-oblast-respublika-dagestan.html
  • uchit.bystrickaya.ru/test-po-literaturnomu-chteniyu-4-klass-1-1.html
  • pisat.bystrickaya.ru/u-brat-ssho-narechen-salvador-umira-v-rannoto-si-detstvo-tochno-osem-meseca-i-deset-dni-predi-razhdaneto-na-dali-oceleliyat-dali-chesto-govori-che-usesha-prisstvi.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-5-smena-eonov-kniga-roza-mira-i-ee-mesto-v-istorii-glava-roza-mira-i-ee-blizhajshie-zadachi.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/programma-dlya-podgotovki-k-sdache-vstupitelnogo-ekzamena-v-aspiranturu-po-specialnosti-po-specialnosti-13-00-08-teoriya-i-metodika-professionalnogo-obrazovaniya.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/rabochie-uchebno-metodicheskie-materiali-uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-kriminologiya.html
  • thesis.bystrickaya.ru/problema-podderzhaniya-letnoj-godnosti-parka-vozdushnih-sudov-v-processe-ih-ekspluatacii-v-aviakompaniyah-moskovskogo-regiona-s-celyu-obespecheniya-ekonomichnostii-bezopasnosti-poletov-stranica-2.html
  • spur.bystrickaya.ru/metodicheskie-rekomendacii-po-napisaniyu-kursovoj-raboti-po-discipline-dengi-kredit-banki.html
  • znanie.bystrickaya.ru/analiz-upominaemosti-v-smi-romir-i-konkurentov-obzor-smi-za-28-aprelya-2010-god.html
  • testyi.bystrickaya.ru/5-razdelnoe-pitanie-eto-princip-s-bolshimi-vozmozhnostyami-6.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/tema-rinok-rabochej-sili-i-zarabotnaya-plata-metodicheskie-rekomendacii-dlya-studentov-zaochnogo-otdeleniya-pri-izuchenii.html
  • lesson.bystrickaya.ru/rabota-s-odarennimi-detmi.html
  • abstract.bystrickaya.ru/-7-znak-pri-zagolovke-ukazivaet-chto-v-state-rassmatrivayutsya-nepolnie-paronimi-naprimer-mificheskij.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.